3 күн бұрын
Зейнеп Баянова әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды
Астанада өтіп жатқан әйелдер күресінен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы медаліне қол жеткізді. 50 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Зейнеп Баянова қола жүлдегер атанды.
Үшінші орын үшін белдесуде қазақстандық балуан Беларусь өкілі, Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Наталья Варакинаны айқын басымдықпен жеңді.
Зейнеп Баянова жарысты 1/8 финалдан бастап, Өзбекстан балуаны Ақтеңге Кеунимжаева мен моңғолиялық Отгонжаргал Долгоржавтан басым түсті. Алайда жартылай финалда Үндістан өкілі Ниламға есе жіберді.
Осылайша, отандық балуан әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленіп, әйелдер күресінен Қазақстан құрамасына алғашқы медальді сыйлады.
Біздің серіктес: Sport12kz