8 сағат бұрын
Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатында қолаға қай уақытта таласады?
Фото: Қазақстан ҰОК
Қазақстандық балуан Жәмила Бақбергенова Астанада өтіп жатқан әйелдер күресінен әлем чемпионатының жартылай финалында қашан күресетіні белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға жолдама үшін өткен белдесуде отандасымыз Қытай өкілі Зелу Лиге 2:4 есебімен есе жіберді.
Енді Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін белдеседі. Финалдық кезең ертең, 29 қазанда өтеді. Қарсыласы кейінірек белгілі болады.
Біздің серіктес: Sport12kz