5 сағат бұрын
Қазақстандық балуан Астанадағы әлем чемпионатын медальсіз аяқтады
Қазақстандық балуан Ирина Кузнецова Астанада өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатында жұбаныш белдесуіне қатысты, деп хабарлайды Sport12.kz.
62 келіге дейінгі салмақта отандасымызға қарсы әлем және Еуропа чемпионаттарының жүлдегері, UWW рейтингінде бірінші орында тұрған ресейлік Амина Танделова шықты. Белдесу 9:2 есебімен Танделованың пайдасына аяқталды.
Осылайша, ресейлік балуан қола медаль үшін Нигерия өкілі Эстер Колаволемен күресуге мүмкіндік алды. Ал Ирина Кузнецова әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтады.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық балуан 1/8 финалда жапониялық Нонока Одзакиге 0:10 есебімен есе жіберген еді. Кейін Одзаки ширек финалда Амина Танделованы жеңіп, финалға жолдама алды.
Біздің серіктес: Sport12kz