4 сағат бұрын
Ризабек Айтмұхан әлем чемпионатын жеңіліспен бастады
Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан Астанада өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуін өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстандық балуан іріктеу кезеңінде екі дүркін Олимпиада чемпионы, алты дүркін әлем чемпионы және Еуропа чемпионаттарының бес дүркін жеңімпазы ресейлік Абдулрашид Садулаевпен кездесті. Белдесу 4:1 есебімен Садулаевтың пайдасына аяқталды.
Айта кетейік, 22 жастағы Ризабек Айтмұхан — 2023 жылғы әлем чемпионы және Азия чемпионаттарының үш дүркін күміс жүлдегері.
Күрес түрлерінен 2026 жылғы әлем чемпионаты Астанада 24 қазанда басталды. Жарыс 1 қарашаға дейін жалғасады.
Біздің серіктес: Sport12kz