3 сағат бұрын
Алтын Шағаева әлем чемпионатында ширек финалға жолдама алды
Қазақстандық балуан Алтын Шағаева Астанада өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатында 59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ширек финалға шықты, деп хабарлайды Sport12.kz.
1/8 финалда отандасымыз Еуропа чемпионаттарының бес дүркін жүлдегері, түркиялық Бедиха Гюнмен белдесіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Айта кетейік, UWW әлемдік рейтингінде Алтын Шағаева 34-орында болса, оның қарсыласы бесінші сатыда тұр.
Қазақстанның тағы бір өкілі Лаура Алмағанбетова 55 келіге дейінгі салмақта ширек финалға өте алмады. Ол жапониялық Нагиса Харадаға 0:8 есебімен есе жіберді.
Күрес түрлерінен 2026 жылғы әлем чемпионаты Астанада 1 қарашаға дейін жалғасады.
Біздің серіктес: Sport12kz