2 сағат бұрын
Әлем чемпионы Нұрқожа Қайпанов жарысты жеңіспен бастады
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Астанада еркін күрестен кезекті салмақтағы іріктеу кезеңі басталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, әлем чемпионы Нұрқожа Қайпанов 74 кг дейінгі салмақтың 1/16 кезеңінде косоволық спортшы Эгзон Хониді мерзімінен бұрын ұтты.
Өкінішке қарай, Болат Сақаев 86 кг дейінгі салмақтың жұбаныш белдесуінде Батбилгуун Наадамбатқа (Моңғолия) соңғы секундтарда жол берді. Есеп: 5-7.
Еске салсақ, қазақстандық балуан Шамсат Таир Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуінде жеңіске жетті.
Біздің серіктес: Sport12kz