7 сағат бұрын
Нұрқожа Қайпанов бүгін әлем чемпионатының финалында күреседі
Жексенбі, 1 қараша күні қазақстандық балуан Нұрқожа Қайпанов Астанада өтіп жатқан еркін күрестен әлем чемпионаты-2026 алтын жүлдесі үшін күреседі, деп хабарлайды Sport12.kz.
Финалда Қайпанов (74 келі) ресейлік Иналбек Шериевпен кездеседі. Белдесудің тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен 18:59-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан көрсетіледі.
Әлем чемпионаты финалына дейін Нұрқожа Қайпанов Косово балуаны Эгзон Джони, әзербайжандық Туран Байрамов, Тәжікстан өкілі Виктор Рассадин және жапониялық Ёсиносукэ Аоягиді жеңді.
Қайпанов - 2024 жылғы әлем чемпионы, сондай-ақ әлем біріншілігінің екі дүркін жүлдегері (2019 жыл - күміс, 2025 жыл - қола). Сонымен қатар қазақстандық балуан үш рет Азия чемпионатында 2019, 2021 және 2025 жылдары алтын жеңіп алған.
Біздің серіктес: Sport12kz