4 сағат бұрын
Қазақстандық екі балуан допинг дауына ілініп, екі жылға спорттан шеттетілді
Қазақстандық балуандар Нұрсұлтан Садық пен Сабина Төрей допинг ережесін бұзғаны үшін екі жылға дисквалификацияланды. Бұл туралы Sport12.kz Sportarena.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Жамбыл облысының атынан күресетін 29 жастағы Нұрсұлтан Садықтың сынамасынан кломифен анықталған. Ол 2026 жылғы 22 қаңтардан 2028 жылғы 21 қаңтарға дейін жарыстарға қатыса алмайды.
Ал Батыс Қазақстан облысының өкілі, 20 жастағы Сабина Төрейдің сынамасынан сибутрамин табылған. Оның шеттетілу мерзімі 2026 жылғы 4 тамыздан 2028 жылғы 3 тамызға дейін созылады.
Айта кетейік, Садық бұған дейін ұлттық құрамада, ал Төрей жасөспірімдер құрамасында өнер көрсеткен.
Біздің серіктес: Sport12kz