2 сағат бұрын
Жәмилә Бақбергенова әлемдік рейтингте жоғарылады
Қазақстандық балуан Жәмила Бақбергенова United World Wrestling (UWW) ұйымы жаңартқан әлемдік рейтингте төртінші орыннан екінші сатыға көтерілді.
72 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін спортшы Астанада өткен әлем чемпионатында жүлдесіз қалды. Қола медаль үшін белдесуде жапониялық Махиро Йошитакеге жол берді.
Рейтинг көшін әлем чемпионатының күміс жүлдегері польшалық Виктория Холуй бастады. Ал әлем чемпионы қытайлық Зелу Ли үшінші орынға жайғасты.
Бақбергенова – Азияның төрт дүркін чемпионы. Сондай-ақ әлем чемпионатында үш рет финалға шығып, 2023 жылы қола медаль жеңіп алған. 2023 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері және 2026 жылғы Иван Ярыгин кубогының жеңімпазы.
Біздің серіктес: Sport12kz