1 сағат бұрын
Ақтөбеде қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтеді
Фото: weproject.media
24–27 қараша күндері Ақтөбе қаласында қазақ күресінен ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ел біріншілігінде еліміздің әр өңірінен келген балуандар 16 салмақ дәрежесінде және «Түйе балуан» бәсекесінде бақ сынап, Қазақстан чемпионы атағына таласады.
Төрт күнге созылатын чемпионатта тартысты белдесулер өтіп, үздік балуандар анықталады.
Айта кетсек, Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қазақ күресін жабық ғимараттағы Азия ойындарының бағдарламасына енгізу туралы ұсыныс жасалғанын айтты.
Біздің серіктес: Sport12kz