Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

10.03.2025

Алғашқы ұпай, аутсайдердің жеңісі: Ел чемпионатының 2-туры қалай өтті?

Алғашқы ұпай, аутсайдердің жеңісі: Ел чемпионатының 2-туры қалай өтті?

8-9 наурыз күндері Қазақстан чемпионатының екінші туры өтті. Командалар енді ұлттық құрамалардың матчтарына байланысты наурыз айының соңына дейін үзіліске кетеді.

Қандай жайттар тіркелді?

  • 7 матчта 14 гол соғылды.
  • 32 сары қағаз көрсетіліп, 1 ойыншы алаңнан қуылды.
  • 24 964 жанкүйер матчтарды стадионнан тамашалады.
  • 2-турда тек «Қайрат» пен «Оқжетпес» қана өзінің негізгі стадионында қарсыласты қабылдады.
  • «Қайсар» (11 футболшы), «Оқжетпес» (10 футболшы) клубтары негізгі құрамда ең көп отандық футболшыларға сенім артты. Негізгі құрамда ең аз 2 отандық футболшыны «Тұран», «Астана» ұжымдары шығарды.
  • 2-турда 211 футболшы алаңға шықты. Олардың арасынан 114 отандық футболшы (негізгі құрамда 74 ойыншы, қосалқы құрамнан 43 ойыншы) доп тепті.
  • 9 футболшы Премьер-лигада дебют жасады.
  • Барлық командалар алғашқы ұпайын алды. Бірақ «Ордабасы», «Ұлытау», «Қайсар», «Жеңіс» әзірге гол соға алған жоқ
  • «Жеңіс» пен «Тобыл» ғана өз қақпаларына гол өткізбеді.

Гол соққан ойыншылардың мемлекеттері

  • Қазақстан – 3
  • Грузия – 2
  • Бразилия – 2
  • Сербия – 2
  • Нигерия – 1
  • Того – 1
  • Албания – 1
  • Ресей – 1
  • Черногория – 1

Матч нәтижелері

«Оқжетпес» – «Атырау» 2:1

Жанкүйер саны: 2 500

  • «Оқжетпес» бес жылдан кейін Көкшетаудағы алғашқы Премьер-лига матчында жеңіске жетті

«Жеңіс» – «Тобыл» 0:0

Жанкүйер саны: 6 565

  • «Жеңіс» – гол соқпаған және гол жібермеген жалғыз клуб
  • «Тобыл» былтырдан бері «Жеңісті» жеңе алмай келеді

«Жетісу» – «Ұлытау» 0:0

Жанкүйер саны: 300

  • «Ұлытау» 28 жылдан кейін Жоғарғы лигадағы алғашқы ұпайына қол жеткізді

«Қайрат» – «Ордабасы» 4:0

Жанкүйер саны: 6 899

  • Жоао Пауло Қазақстан Премьер-лигасындағы 75-ші голын соғып, ел чемпионаттарының тарихындағы үздік 30 сұрмерген қатарына енді
  • «Қайраттың» түлегі Вячеслав Швырев, қарсылас команда сапында ойнап, қызыл қағаз алды. Бұл оның Қазақстан чемпионатындағы алғашқы алаңнан қуылуы

«Ақтөбе» – «Тұран» 2:1

Жанкүйер саны: 3 000

  • «Ақтөбе» маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

«Елімай» – «Қайсар» 2:0

Жанкүйер саны: 5 300

«Қызылжар» – «Астана» 0:2

Жанкүйер саны: 400

  • «Астана» турдағы ең көп 18 дәл соққы бағыттады.

Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан