5 сағат бұрын
Асланбек Шымбергенов мансабын неге аяқтағанын айтты
Фото: olympic.kz
Бокстан әлем және Азия чемпионы Асланбек Шымбергенов спорттық мансабын аяқтау туралы шешімді неліктен қабылдағанын айтты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде ол спорт журналисі Аслан Қаженовке бер сұхбатында мәлім етті.
- Әр нәрсенің өз уақыты бар ғой. Олимпиададан кейін осындай шешімге келдік. Бірақ әртүрлі ойлар болды. Ойладым, мүмкін біраз демалып алып, қайта бастаймын ба деп. Сөйтіп демала бастадым, тым ұзақ демалып кеттім. Қайтадан бапқа келу үшін бір ай жеткіліксіз. Көп еңбектену керек. Осыдан кейін бапкеріммен ақылдасып, түбегейлі шешімге келіп, спорттық мансабымызды аяқтадық. Әрине, өйткені біз бүкіл өміріміз, бала кезімнен, өзімді білгелі бокстамын. Өзімді білгелі бокспен айналысамын. Бала кезімде мұндай сезім болды: бокссыз өмірімді елестете алмайтынмын, егер жаттығу жасамасам, бір нәрсем жетіспей тұрғандай болатын. Басында ата-анам мен туыстарым қарсы болды. «Бокспен айналыспа, жарақат аласың, оқуың да жақсы, оқығаның дұрыс» дейтін. Бірақ боксқа деген махаббат бәрінен де күшті болды, - деп мәлім етті Асланбек Шымбергенов.
Біздің серіктес: Sport12kz