3 күн бұрын
Әлем чемпионатының күміс жүлдегері бокстан Қазақстан біріншілігін сәтті бастады
Фото: olympic.kz
Тараз қаласында өтіп жатқан бокстан Қазақстан біріншілігінде Жамбыл облысының өкілі, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әбілхан Аманқұл (75 келі) алғашқы жекпе-жегін сәтті бастады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Тәжірибелі боксшы алғашқы жекпе-жегінде Алматы қаласының атынан қатысқан Нұртілеу Алиакбаровпен қолғап түйістірді. Нәтижесінде шаршы алаңда Әбілхан көбірек соққы жұмсады. Төрешілер 4:1 есебімен оның басымдығын қолдады.
Әбілхан Аманқұл былтыр араға 4 жыл салып, қайта әуесқой боксқа оралды. Ол соңғы рет 2021 жылы Токио Олимпиадасында жүлдеге таласқан болатын.
Еске салсақ, бұдан бұрын бокстан Қазақстан чемпионатының екінші жарыс күні қалай өткені белгілі болды.
Біздің серіктес: Sport12kz