2 сағат бұрын
Алматы қаласынан Қазақстан чемпионатында финалға қанша боксшы шықты?
Фото: olympic.kz
Тараз қаласында өтіп жатқан бокстан Қазақстан чемпионатында финалға қай өңірден қанша боксшы шыққаны белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ертең, 6 қарашада ел чемпионаты аясында ерлер мен әйелдер арасында 20 салмақта жеңімпаздар есімі анықталады.
Финалға шыққандар арасында Алматы қаласының құрамасы 10 боксшымен көш бастап тұр. Одан кейінгі орындарда Қарағанды, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласы 6 спортшыға үміт артады.
Сондай-ақ облыстар арасында Жамбыл - 4, Жетісу - 3, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай және Астана - 1 боксшыға сенім білдіреді.
Ел біріншілігінде барлығы ерлер мен әйелдер арасында 20 салмақ бойынша жүлделер сарапқа салынып жатыр. Боксшылар 30 қазан-1 қараша аралығында алдын ала жекпе-жекте сынға түсті.
Одан кейін 2-3 қарашада ширек финал болса, 4-5 қараша күндеріне жартылай финал белгіленген. Ал 6 қарашада боксшылар финалда бас жүлдені сарапқа салады.
ел біріншілігіндегі ерлер арасында жекпе-жектер өтеді. Ел біріншілігінде күндізгі сессия 14:00-ге белгіленсе, кешкі сессия 17:00-де басталады.
Еске салсақ, бұдан бұрын бокстан Қазақстан чемпионатының жартылай финалының алғашқы күні қалай өткені белгілі болды.
Біздің серіктес: Sport12kz