21 сағат бұрын
Ромащенко «Тобылдағы» жұмысын жалғастыртын болды
Фото: «Тобыл» футбол клубы
«Тобыл» футбол клубы команданың бас бапкері Мирослав Ромащенкомен келісім-шарттың ұзартылғанын жариялады. Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Биылғы жылдың сәуір айында қостанайлық клубтың тізгінін ұстаған тәжірибелі маман команданың оң нәтижеге жетуіне күш салды. Маусым қорытындысы бойынша «Тобыл» басшылығы білікті бапкермен әріптестікті жалғастыру туралы шешім қабылдады.
– Клуб бас бапкер мен оның жаттықтырушылар штабына толық сенім білдіреді және команданың одан әрі дамып, алға қойылған спорттық мақсаттарға қол жеткізетініне үміт артады. Алдағы маусымда жаттықтырушылар штабының алдында бәсекеге қабілетті құрам жасақтау, ойын сапасын арттыру және Қазақстан чемпионатында жоғары орындар үшін күресу міндеті тұр, - деп жазылған хабарламада.
Мирослав Юрьевич жоғары деңгейде жұмыс істеген. Әр жылдары ол ресейлік «Томь» және «Ахмат» клубтарының тізгінін ұстады. Сондай-ақ Станислав Черчесовтің бапкерлік штабының құрамында ресейлік «Динамо» (Мәскеу), польшалық «Легия» және венгриялық «Ференцварош» клубтарында еңбек еткен. 2016-2021 жылдар аралығында Ресей құрамасының бапкерлер штабы құрамында қызмет атқарды.
Бапкер ретінде Польша чемпионы атанып, Венгрия чемпионатын екі мәрте жеңіп алған.
«Тобылға» дейін Мирослав Юрьевич «Урал» клубын жаттықтырып, онымен Бірінші лигада екінші орынға ие болды.
Еске салсақ, Астанада 29-31 қазан аралығында Қазақстан футбол федерациясының ұйымдастыруымен «Футбол скаутингі негіздері: «Батыр» әдістемесі бойынша ойыншыларды бақылау және бағалау» атты семинар өтіп жатыр.
Біздің серіктес: Sport12kz