3 сағат бұрын
Қазақстан әйелдер құрамасы 2027 жылғы UEFA Ұлттар лигасының жеребесіне қатысады
Фото: ҚФФ
Швейцарияның Ньон қаласында 3 қараша күні 2027 жылғы УЕФА Әйелдер Ұлттар лигасының топтық кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жеребе Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады.
Қаақстан әйелдер ұлттық құрамасы С лигасында өнер көрсетіп, 2-себетке орналасты.
1-себет: Словакия, Израиль, Черногория, Латвия, Мальта, Люксембург;
2-себет: Хорватия, Қазақстан, Әзербайжан, Фарер аралдары, Молдова, Босния және Герцеговина;
3-себет: Эстония, Кипр, Армения, Грузия, Болгария, Солтүстік Македония;
4-себет: Андорра, Лихтенштейн, Гибралтар, Сан-Марино.
УЕФА жеребе рәсіміне сәйкес, С лигасында 22 құрама алты топқа бөлінеді. Оның төртеуінде төрт командадан, қалған екеуінде үш командадан өнер көрсетеді.
Еске салсақ, бүгін футболдан Қазақстан Премьер-лигасының ХХХ тур ойындары өтеді.
Біздің серіктес: Sport12kz