4 сағат бұрын
Конференция лигасы: «Аталанта» сапында «Қайратпен» кездесуде кімдер ойнайды?
Фото: «Аталанта» футбол клубы
Италияның «Аталанта» (Бергамо) командасы UEFA Конференция лигасы үшінші турындағы қазақстандық «Қайрат» (Алматы) клубына қарсы құрамын жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл кездесу 5 қарашада Қазақстан уақытымен 22:35-те басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
«Аталанта» командасы 1907 жылы құрылған. Бергамолық ұжым өзінің тарихында 2019, 2020, 2021 жылдары А сериясында үш мәрте қола жүлдегер атанса, 1963 жылы Италия кубогын төбесіне көтерді. 2024 жылы UEFA Еуропа лигасының бас жүлдесін жеңіп алды.
«Аталанта» командасының тізімі
Қақпашылар: Марко Карнесекки (№29, Италия), Маттиа Сондзоньи (№57, Италия), Марко Спортьелло (Италия
Қорғаушылар: Одилон Коссуну (№3, Кот-д’Ивуар), Исак Хиен (№4, Швеция), Рауль Белланова №(16, Италия), Сеад Колашинац (№23, Босния), Томас Кристенсен (№31, Дания), Реля Орбич (№40, Словения), Джорджио Скальвини (№42, Италия), Лоренцо Бернаскони (№47, Италия), Изаак Изоа (№55, Италия), Давиде Дзаппакоста (№77, Италия);
Жартылай қорғаушылар: Марио Пашалич (№8, Хорватия), Лазар Самарджич (№10, Сербия), Эдерсон (№13, Бразилия), Франк Кесси (№19, Кот-д’Ивуар), Джависон Иделе (№41, Италия), Федерико Стеффанони (№44, Италия), Сергей Левак (№46, Хорватия), Альберто Манцони (№52, Италия), Никола Залевски (№59, Польша), Джанлука Гаэтано (№70, Италия), Эльиф Эльмас (№99, Солтүстік Македония);
Шабуылшылар: Камалдин Сулемана (№7, Гана), Джанлука Скамакка (№9, Италия), Джонатан Роу (№11, Англия), Шарль де Кетеларе (№17, Бельгия), Джакомо Распадори (№18, Италия), Андреа Бонаноми (№48, Италия), Томмазо Де Нипоти (№50, Италия), Анри Камара (№54, Франция), Никола Крстович (№90, Черногория)
Бас бапкер: Маурицио Сарри.
Алғашқы екі турда «Қайрат» Латвияның «Рига» клубымен (1:1) тең ойнаса, Грекияның «Панатинаикосына» (1:5) есе жіберді.
Ал «Аталанта» алдымен Кипрдің «Пафосын» (3:1) қапы қалдырса, Нидерландтың «Аяксына» (0:2) жол берді.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Аталанта» – «Қайрат» матчының билет бағасы белгілі болды.
Біздің серіктес: Sport12kz