06.03.2025
Үш дүркін Азия чемпионы Азамат Дәулетбеков алдағы жоспарымен бөлісті
Алматыда өткен PWL 8 турнирінде Токио Олимпиадасының жүлдегері Магомедхабиб Кадимагомедовті жеңген Азамат Дәулетбеков алдағы жоспарын айтты:
«Бұл белдесуге нақты жоспар құрмадым. Ең бастысы өз күресіммен 6 минутқа күресіп шығамын деген ой болды. Трибунадағы қолдауды сездім, барлық жанкүйерлерге алғыс білдіремін! Жарақатым мазалаған жоқ, бірақ әрі қарай сақтану үшін тіземді қорғаныста ұстадым.
Ендігі жоспар наурыз айында өтетін Азия чемпионатына ұлттық құрама сапында дайындаламын», - деді Дәулетбеков.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов