Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

06.03.2025

Қазақстанның ең үздік садақшысы құрамадағы өзгерістерді атады

Қазақстанның ең үздік садақшысы құрамадағы өзгерістерді атады

Қазақстандық мерген, Олимпиада ойындарының қатысушысы Ильфат Абдуллин жаңа маусымның басталуын бағалады.

"Жаңа маусымның басталғаны керемет. Біз шынымен сағынып қалыппыз (күледі).
Жаңа жылды жақсы бастадық. Әсіресе физикалық және техникалық тұрғыдан. Бірақ ұзақ үзілістен кейін психологиялық фактордың әсері байқалды, біраз қобалжу болды.
Азия кубогының алғашқы кезеңінде командалық есепте тамаша өнер көрсеттік. Қола медаль үшін өте тартысты сайыста қайта атудан кейін Аустралия құрамасына жол бердік. Бұл ашық турнир болғандықтан, әртүрлі құрамалар қатысты.
Өзімнің жағдайыма аса қанағаттанбаймын. Жетілдіретін тұстар бар, қазір сол бағытта жұмыс істеп жатырмыз," – деді Ильфат.

Сондай-ақ, спортшы командадағы басты өзгерістер жайлы айтып өтті.

"Жалпы, дайындықты күшейте бастадық, себебі ірі жарыстарға дейін жетілдіретін тұстарымыз бар.
Қазір командаға жаңа бас бапкер – Бауыржан Жолдыбаев келді. Бұл да маңызды жағдай, өйткені аға бапкерлер де ауысты. Яғни, жаңа көзқарас, басқа әдістер мен тәсілдер енгізілуде. Сонымен қатар құрамда да өзгерістер болды.
Алдағы турниріміз мамыр айының басында өтетін Әлем кубогының кезеңі. 15-інен бастап Түркияда оқу-жаттығу жиынын (ОЖЖ) өткізуді жоспарлап отырмыз. Жиын аясында басқа құрамалармен жолдастық кездесулер ұйымдастырылады. Тәжірибе алмасып, бәсекелесіп көреміз. Өзімізді сынап, кейін нәтижелерді жақсартып, жоғары деңгейге көтерілу үшін барымызды саламыз," – деп қорытындылады Абдуллин.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан