06.03.2025
«Ливерпуль» қақпашысы: Ғажайып түн болды
«Ливерпуль» қақпашысы Алисон Беккер Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы «ПСЖ»-ға қарсы алғашқы матчтағы (1:0) жеңіске қатысты пікірін білдірді.
«Бәлкім, бұл менің өмірімдегі ең үздік матч болған шығар. Бапкер бізге «ПСЖ»-мен ойнаудың қаншалықты қиын болатынын, олардың допты бақылауда қаншалықты мықты екенін және бізге шыдамдылық таныту қажеттігін айтты. Біз дайын болдық.
Көп еңбектендік. Бірнеше мүмкіндіктер жасадық. Қорғаныстағы ең маңызды нәрсе – допты ұстаған ойыншыны ойлануға мәжбүрлеу. Команданың барлық еңбегі менің жұмысымды жеңілдетті. Ал соңында Эллиотт алаңға шығып, жеңіс голын соқты. Бұл біз үшін керемет оқиға. Ғажайып түн болды», – деп келтіреді BBC Алисонның сөзін.
Қарымта матч 11 наурызда өтеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов