Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

06.03.2025

Төрешіге күш көрсетті: Белгілі бапкер 9 айға қызметінен шеттетілді

Төрешіге күш көрсетті: Белгілі бапкер 9 айға қызметінен шеттетілді

Фото: «Лион» ФК ресми сайты

Францияның «Лион» командасының бас бапкері Паулу Фонсека Франция чемпионатының 24-турындағы «Брест» (2:1) командасымен кездесуде бас төреші Бенуа Мийоға күш көрсеткені үшін тоғыз айға қызметтен шеттетілді.

Португалиялық маман төрешінің жұмысына байланысты қызуқандылықпен наразылығын білдірді. Ойынның екінші кезеңіндегі қосымша уақытта сол әрекеті үшін жасыл алаңнан қуылды. 

- Қызметінен шеттеткеннен кейін оған ойынға дейін, барысында және кейін де, киім ауыстыратын бөлмеге баруға да тыйым салынады. Бұл тыйым 2025 жылдың 30 қарашасына дейін күшін сақтайды, - деп мәлім етті Бірінші лига баспасөз қызметі.

Паулу Фонсека «Лион» командасы тізгінін 2025 жылдың 31 мамырында ұстады. Оған дейін италиялық «Милан» командасында қызмет атқарды.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан