6 сағат бұрын
«Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының 1/8 финалына шықты
Фото: «Қайрат» футзал клубы
Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі матчта бельгиялық «Спортинг-Андерлехтпен» ойнады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесу Бельгияның Роздал қаласындағы «Беллехейде» аренасында өтті. Оны словакиялық Мартин Матула бастаған төрешілер алқасы басқарды.
Густаво Парадеда алматылық клуб сапында Томаселли, Рашит, Иманбеков, Кайо Руис, Рафао — Жоао Пауло, Гонсалвеш, Дарибай, Сейтнұр, Герейханов, Валиуллин, Карпов, Тоқаев, Кошта секілді ойыншыларға сенім артты.
7' - 1:0 Эдгар Тараканов
9' - 2:0 Грелло
14' - 3:0 Алмас Иманбеков (автогол)
20' - 4:0 Стефан Ракич25' - 5:0 Лукас Брито Де Паула
29' - 6:0 Эдгар Тараканов
30' - 6:1 Камиль Герейханов
31' - 7:1 Стивен Диллин
32' - 7:2 Кайо Руис
34' - 8:2 Луиз Камило Насименто Да Кошта
35' - 8:3 Стивен Диллин
Алаңнан қуылды:
8' - Павел Карпов («Қайрат»)
38' - Бруно Томаселли («Қайрат»).
Осылайша алматылық клуб қарсыласына 3:8 есебімен есе жіберді.
Олар бұған дейін Латвияның «Бейтар» клубын 5:3 есебімен жеңсе, «Андерлехт» аталған команданы 6:0 есебімен тізе бүктірді.
Нәтижесінде «Қайрат» үш ұпаймен 2-топта екінші орын алып, турнирдің 1/8 финалына шықты. Бірінші орында алты ұпаймен «Спортинг-Андерлехт» тұр.
Біздің серіктес: Sport12kz