2 күн бұрын
Жезқазғанда дзюдо төрешілеріне арналған семинар өтті
Фото: olympic.kz
Жезқазған қаласында дзюдодан 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты қарсаңында төрешілерге арналған семинар өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Семинарға Қазақстан дзюдо федерациясының рефери директоры Мухсин Нұртазин, халықаралық дәрежедегі төрешілер Ерлан Тажиков, Самат Сапишев және Қайрат Төленов жетекшілік етті.
Жаттықтырушылар мен төрешілерге арналған мұндай семинарлар ресми ел чемпионаттарының алдында тұрақты түрде ұйымдастырылады. Бұл тәжірибе мамандардың біліктілігін арттыруға, жарыс ережелерін бірізді қолдануға және төрешілік сапасын жетілдіруге бағытталған.
Еске салсақ, қазақстандық дзюдошылар Загребтегі Гран-при кезеңіне қатысады.
Біздің серіктес: Sport12kz