3 сағат бұрын
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы атанды
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы
Қазақстандық дзюдошы Фатима Сұпығалиева Сенегалдың Дакар қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында отандасымыз Португалия өкілі София Гаспардан басым түсіп, Олимпиада тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Фатима бұған дейін ширек финалда Коста-Рика өкілі Химена Моралес Гамбоаны иппонмен жеңсе, жартылай финалда словакиялық Вивьен Вадовицованы қапы қалдырды.
Біздің серіктес: Sport12kz