Матч орталығы
Португалия лигасының кубогы Футбол Бенфика Бенфика 4:1 Аяқталды Жил Висенте Жил Висенте НХЛ Хоккей Даллас Даллас 2:5 Аяқталды Монреаль Монреаль Токио женщины Теннис Елена Рыбакина Елена Рыбакина 11:10 Бүгін Лейла Фернандес Лейла Фернандес КХЛ Хоккей Шанхайские Драконы Шанхайские Драконы 21:30 Бүгін Барыс Барыс Вена мужчины Теннис Александр Зверев Александр Зверев 21:30 Бүгін Артур Фери Артур Фери Суперлига Футбол Коньяспор Коньяспор 22:00 Бүгін Галатасарай Галатасарай Лига 1 Футбол Гавр Гавр 23:00 Бүгін ПСЖ ПСЖ Лига 1 Футбол Ницца Ницца 23:00 Бүгін Ренн Ренн Бундеслига Футбол Эльверсберг Эльверсберг 00:30 Ертең Майнц Майнц Ла Лига Футбол Вильярреал Вильярреал 01:00 Ертең Эспаньол Эспаньол Лига 1 Футбол Лилль Лилль 01:05 Ертең Ланс Ланс Примейра-лига Футбол Каза Пия Каза Пия 01:15 Ертең Спортинг Спортинг Премьер-Лига Футбол Елімай Елімай 15:00 Ертең Оқжетпес Оқжетпес Премьер-Лига Футбол Жеңіс Жеңіс 15:00 Ертең Қайсар Қайсар Премьер-Лига Футбол Қайрат Қайрат 15:00 Ертең Алтай Алтай Премьер-Лига Футбол Ертіс Ертіс 15:00 Ертең Ордабасы Ордабасы Премьер-Лига Футбол Тобыл Тобыл 15:00 Ертең Ақтөбе Ақтөбе Премьер-Лига Футбол Каспий Каспий 15:00 Ертең Қызылжар Қызылжар Премьер-Лига Футбол Ұлытау Ұлытау 15:00 Ертең Атырау Атырау Премьер-Лига Футбол Жетісу Жетісу 15:00 Ертең Астана Астана

03.09.2026

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының үшінші күнінің нәтижесі қандай?

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының үшінші күнінің нәтижесі қандай?

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының үшінші күнінде Қазақстан құрамасы 12 алтын, 7 күміс, 5 қола алды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Әлемнің 113 елінен 3000 спортшы қатысып VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының додасы тартысты ойындармен, жарқын жеңістермен, жаңа рекордтармен толығуда. Қазақстан құрамасы ойындардың үшінші күнінде 12 алтын, 7 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды.

Аударыспақтан (эр эңиш) 100 келі салмақта ел намысын қорғаған әлем чемпионы, осы ойындардың екі дүркін жеңімпазы Ізбасаров Сырым байырғы қырғызстандық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, үшінші рет жеңіс тұғырына көтерілді. Аударыспақтың алтын салмағы 90 келіде ел үмітін ақтаған Өткелбай Дарын қарсыластарының барлығын айқын басымдықпен жеңіп, алтын жүлде иегері атанды. Аса ауыр салмақта жарыс жолына шыққан Еркінұлы Нұржан қола жүлдені қанағат тұтты.

Құсбегіліктен (куш салуу, далба, буркут) ел құрамасы сапында 9 спортшы келген болатын, соның төртеуі жеңіс тұғырына көтерілді. Атап айтқанда, «қаршыға» бойынша Жалғасұлы Серікболсын «Жебе» деген құсымен алтын, «бүркіт» бойынша Қошқаров Арман «Алғыр» атты қыранымен күміс, «ителгі» бойынша Бабажан Бақдәулет «Ұшқыр» атты құсымен күміс, «ителгі» бойынша Кенжетаев Ерлан «Ақбалық» атты құсымен қола медаль алды.

Ойындар бағдарламасына көшпенді елдердің 14 түрлі күресі енсе, жарыстың үшінші күнінде отандастарымыз самбо мен қырғыз күресінен (кыргыз курөш) өнер көрсетті. Самбодан Сапар Болат (+98 келі) алтын, Нығметов Еркебұлан (79 келі) мен Бейсенбаев Жандос (64 келі) қола жүлдеге ие болды. Қырғыз күресінен ауыр салмақтағы балуанымыз Жұмағали Алмас (+100) ақтық сында қырғыз елінің спортшысына есе жіберді.

Жанкүйерлердің ерекше ықыласына ие болған арқан тартыстан (аркан тартыш) құрама мүшелері бүгін де алтын жүлде олжалады. Кеше спортшыларымыз «8x8» бағдарламасы бойынша ақтық сында қырғыз елінен басым түсіп, алтын алса, бүгін «4x4» бағдарламасының ақтық сынында ирандық спортшыларды жеңді.

Сондай-ақ, қол күрестен (армрестлинг) ұлттық құрама мүшелері 7 алтын, 4 күміс, 1 қола алып, медальдар қоржынын толтырды. Білек күшін алтынға айырбастаған спортшылар: Айдархан Нұрдәулет (-90, оң қол, сол қол), Құттымұратов Медет (+90, оң қол, сол қол), Устинов Данил (-80, сол қол), Сыдыкжан Малена (+65 келі, оң қол, сол қол) (оң қолдан бөлек, сол қолдан бөлек медаль жиынтығы бар).

Ертең, 4 қыркүйекте, спортшыларымыз 21 спорт түрінен жарыс жолына шығады: көкпар, көкбөрі, аламан бәйге, құнан бәйге, жорға, ұшқыр бәйге, дөнен бәйге, қазақ күресі, гюлеш, гуштини милли гамарбанди, хапсағай, овари, мангала, тоғызқұмалақ, ат марафоны, ордо, жамбы ату, дәстүрлі садақ ату, арқан тартыс, стронгмэн, тазы жарысы бойынша жарыстар өтеді.

Еске салсақ, Қазақстанның көкпардан ұлттық құрамасы Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы алғашқы матчын өткізді.


Біздің серіктес: Sport12kz