1 сағат бұрын
Дарья Чеснокова жүзуден жасөспірімдер Олимпиадасында бесінші орын алды
Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында жүзу бәсекелері жалғасуда, деп хабарлайды Sport12.kz.
Дарья Чеснокова әйелдер арасында 100 метрге шалқалай жүзуден іріктеу кезеңінде бақ сынады.
Отандасымыз өз тобында 1:07.60 уақыт нәтижесін тіркеп, бесінші орын алды. Дегенмен финалға шыға алмады.
Еске салсақ, қазақстандық жүзуші Анатолий Руденко жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында 100 метрге брасс әдісімен жүзуден медальға таласады.
Біздің серіктес: Sport12kz