05.03.2025
Елена Рыбакина АҚШ-та топ жарды
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өткен аралас жұптар арасындағы Эйзенхауэр кубогында топ жарды.
Америкалық Тейлор Фиртцпен жұп құрған отандасымыз Индиан-Уэллс турнирінің алдында көрме ретінде ұйымдастырылатын Эйзенхауэр кубогында қарсылас шақ келтірмеді.
Жарыстың алғашқы айналымында Рыбакина мен Фиртц Данил Медведев/Аманда Анисимова жұбын 10:4 есебімен жеңсе, жартылай финалда Бен Шелтон/Эмма Наварро тандемін 10:6 есебімен тізе бүктірді.
Ал финалдық ойында Томми Пол/Мэдисон Киз ұжымынан 10:4 есебімен басым түсті.
Айта кетейік, Рыбакина мен Фиртц осы жетістігі үшін 200,000 доллар сыйақыға ие болды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Азамат Бақи