05.03.2025
Бокс: Бас бапкер Махмұд пен Санжардың жарақаттары жайлы сөз қозғады
Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Olympic.kz сайтына берген сұхбатында Ташкенбай, Сабырхан және Тоғамбайдың жарақаттары туралы айтты.
«Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырхан алтын медальға қол жеткізе алар еді. Бірақ 48 келі салмақта өнер көрсететін Санжар өзінің бірінші жекпе-жегінде саусағын шығарып алғанына байланысты жарысты жалғастыра алмады. Жарысқа бір күн қалған кезде Махмұд Сабырхан тағамдық инфекцияға байланысты жекпе-жекке шыға алмады. Дәрігерлердің айтуынша, спортшының жүрегі айнып, қызуы көтерілген. Нәтижесінде 3 наурызға дейін спортпен шұғылдануға болмайды деген анықтама берді», — деді бапкер.
Одан бөлек, 92 келі салмақ дәрежесінде Сағындық Тоғамбай дайындық барысында саусағын сындырып алған болатын. Сондықтан ол жарысқа қатыса алмады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов