06.03.2025
Мацей Сулецки: Қазақстанда болмашы ғана ақша алдым
Поляк боксшысы Мацей Сулецки (33-3, 13 КО) 28 ақпанда Астанада өткен Али Ахмедовпен жекпе-жектің күтпеген жағдайларын айтты.
– Бұл үшін көп ақша төлемеді. Мен үлкен тәуекелге бардым. Қазақстанға, қарсыласымның жеріне бардым. Қарапайым адам үшін бұл аз ақша емес шығар, бірақ бокс әлемінде – бұл өте аз. Бірақ мен тәуекелге бардым, және ол өзін ақтады, – деді ол поляк басылымдарына берген сұхбатында.
Айта кетейік, WBC Silver белбеуі үшін өткен жекпе-жекте Сулецки 10-раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Кездесу барысында Али Ахмедов үш рет нокдаунға түсті.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов