Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

06.03.2025

Өзбекстанның этникалық қазағы кәсіпқой боксқа бет бұрмақ

Өзбекстанның этникалық қазағы кәсіпқой боксқа бет бұрмақ

Өзбекстандық этникалық қазақ – бокстан әлем чемпионы Руслан Абдуллаев кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін АҚШ-та өткізетін болды.

Қандасымыздың дебюті 6 наурызда Калифорнияда өтетін кәсіпқой бокс кешінде жасалады деп күтілуде. Оның қарсыласы мексикалық Валенсуэла Альвара болмақ. 36 жастағы боксшы кәсіпқой рингте 23 жекпе-жек өткізіп оның 19-да жеңілген екен және тек үшеуінде ғана жеңіске жеткен. Бір жекпе-жегі тең аяқталыпты.

Руслан Абдуллаев болса әуесқой бокстан 2023 жылғы әлем чемпионы. Сондай-ақ, 2022 жылы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алған. Ол кәсіпқой боксқа ауысатынын былтыр Париж Олимпиадасындағы сәтсіздігінен кейін мәлімдеген болатын.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан