3 сағат бұрын
Софья Самоделкина мәнерлеп сырғанаудан Гран-при кезеңіне қатысады
Фото: olympic.kz
30 қазан мен 1 қараша аралығында Канаданың Келоуна қаласында мәнерлеп сырғанаудан Гран-при сериясының 2026/27 маусымындағы екінші кезеңі өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Skate Canada International турнирінде ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сырғанаудан, жұптық сайыс пен мұздағы би бәсекесінде үздіктер анықталады. Аталған додада отандасымыз Софья Самоделкина өнер көрсетеді.
Оған Еуропаның қазіргі чемпионы, әлем чемпионатының жүлдегері және болашағынан зор үміт күттіретін жапониялық мәнерлеп сырғанаушылардың бірімен бәсекеге түсуге тура келеді.
Софья Самоделкина үшін Канададағы жарыс осы маусымдағы Гран-при кезеңдеріндегі алғашқы сын болмақ. Қазақстандық спортшы қазан айының басында Алматыда өткен Денис Тен мемориалында халықаралық аренаға қайта оралды. Аталған жарыстың қорытындысы бойынша ол 204,36 ұпай жинап, қола жүлдеге ие болды.
Біздің серіктес: Sport12kz