3 сағат бұрын
Катарда нысана көздеуден Олимпиадаға лицензиялық әлем чемпионаты басталды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Катар астанасы Доха қаласында нысана көздеу мен стенд атудан ISSF әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Байрақты бәсеке 14 қарашаға дейін жалғасады.
Аталған әлем чемпионаты Лос-Анджелес қаласында өтетін 2028 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама үлестірілетін алғашқы іріктеу кезеңі саналады. Жарыс барысында 12 жекелей сындағы дисциплина бойынша жалпы саны 36 олимпиадалық лицензия сарапқа салынады. Әр дисциплинада үш жолдама беріледі.
Ертең, 3 қарашада, отандастарымыз әлем чемпионатындағы жүлделер үшін күресті бастайды. Жарыстың алғашқы күні әйелдер мен ерлер арасында 10 метр қашықтықтан пневматикалық винтовкамен ату сайысының финалдары өтеді.
Еске салсақ, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Дэвис кубогының алғашқы күнін аяқтады.
Біздің серіктес: Sport12kz