Матч орталығы
АФК Чемпиондар лигасы Футбол Пахтакор Пахтакор 2:6 Аяқталды Аль-Наср Аль-Наср Челленджер Братислава 2 Теннис Лука Павлович Лука Павлович 2:1 Аяқталды Александр Шевченко Александр Шевченко Сегунда Футбол Реал Овьедо Реал Овьедо 2:3 Аяқталды Лас Пальмас Лас Пальмас КХЛ Хоккей Локомотив Локомотив 0:1 Аяқталды Лада Лада КХЛ Хоккей Ак Барс Ак Барс 3:4 Аяқталды СКА СКА А сериясы Футбол Сассуоло Сассуоло 2:4 Аяқталды Фиорентина Фиорентина Суперлига Баскетбол Бешикташ Бешикташ 93:76 Аяқталды Кайирова Беледийеси Кайирова Беледийеси Сегунда Футбол Вальядолид Вальядолид 4:3 Аяқталды Леганес Леганес Лига кубогы Футбол Аль-Ахли Аль-Ахли 0:0 79 Аль Мокавлун Аль Мокавлун АФК Чемпиондар лигасы Футбол Аль Иттихад Аль Иттихад 1:3 66 Аль Аин Аль Аин Суперлига Хоккей Оденсе Булльдогз Оденсе Булльдогз 3:3 Үзіліс Ольборг Ольборг Премьер-лига Футбол Хапоэль Тель Авив Хапоэль Тель Авив 2:0 53 Маккаби Маккаби Алеф лигасы Футбол Ашдод Ашдод 1:1 Үзіліс Хапоэль Рамат-ха-Шарон Хапоэль Рамат-ха-Шарон А сериясы Футбол Аталанта Аталанта 00:45 Бүгін Парма Парма Лига 1 Футбол Лорьян Лорьян 00:45 Бүгін Брест Брест Ла Лига Футбол Депортиво Депортиво 01:00 Бүгін Осасуна Осасуна Премьер-лига Футбол Ньюкасл Ньюкасл 01:00 Бүгін Эвертон Эвертон Примейра-лига Футбол Жил Висенте Жил Висенте 01:15 Бүгін Гимарайнш Гимарайнш Примейра-лига Футбол Бенфика Бенфика 01:15 Бүгін Алверка Алверка НХЛ Хоккей Бостон Бостон 05:00 Бүгін Вегас Вегас

3 сағат бұрын

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Дэвис кубогының алғашқы күнін аяқтады

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Дэвис кубогының алғашқы күнін аяқтады

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Мысыр астанасы Каирде 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы командалық әлем чемпионаты — Junior Davis Cup Finals турнирі жалғасуда, деп хабарлайды Sport12.kz.

Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі алғашқы кездесуін Франция командасына қарсы өткізді.

Қорытынды жұптық сында Қазақстан намысын Ансар Ниетқалиев пен Родион Трайгель қорғады. Олардың қарсыластары франциялық Бенуа Гелдоф пен Жозеф Фитусси болды.

Кездесу француз теннисшілерінің пайдасына 6:3, 6:2 есебімен аяқталды.

Бұған дейін алғашқы жекелей кездесуде Ансар Ниетқалиев Бенуа Гелдофқа 3:6, 3:6 есебімен жол берген болатын. Ал екінші жекелей сында Ахмади Маханов Пабло Прадамға үш сетке созылған тартысты кездесуде 6:4, 3:6, 4:6 есебімен есе жіберді.

Осылайша Франция құрамасы Қазақстанға қарсы командалық кездесуде 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Еске сала кетейік, жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы Франция, АҚШ және Үндістан командаларымен бір топқа түскен.

Ертең, 3 қарашада, қазақстандық теннисшілер топтық кезеңдегі екінші кездесуін АҚШ құрамасына қарсы өткізеді. Ал 4 қараша, сәрсенбі күні Үндістан командасымен ойнайды.

Junior Davis Cup Finals турнирінің финалдық кезеңіне әлемнің 16 үздік жасөспірімдер құрамасы қатысуда. Топтық кезең қорытындысы бойынша әр топтан үздік екі команда ширек финалға жолдама алады.


Біздің серіктес: Sport12kz