Матч орталығы
АФК Чемпиондар лигасы Футбол Пахтакор Пахтакор 2:6 Аяқталды Аль-Наср Аль-Наср Челленджер Братислава 2 Теннис Лука Павлович Лука Павлович 2:1 Аяқталды Александр Шевченко Александр Шевченко Сегунда Футбол Реал Овьедо Реал Овьедо 2:3 Аяқталды Лас Пальмас Лас Пальмас КХЛ Хоккей Локомотив Локомотив 0:1 Аяқталды Лада Лада КХЛ Хоккей Ак Барс Ак Барс 3:4 Аяқталды СКА СКА А сериясы Футбол Сассуоло Сассуоло 2:4 Аяқталды Фиорентина Фиорентина Суперлига Баскетбол Бешикташ Бешикташ 93:76 Аяқталды Кайирова Беледийеси Кайирова Беледийеси Сегунда Футбол Вальядолид Вальядолид 4:3 Аяқталды Леганес Леганес Лига кубогы Футбол Аль-Ахли Аль-Ахли 1:0 Аяқталды Аль Мокавлун Аль Мокавлун АФК Чемпиондар лигасы Футбол Аль Иттихад Аль Иттихад 1:3 86 Аль Аин Аль Аин Суперлига Хоккей Оденсе Булльдогз Оденсе Булльдогз 3:3 Үзіліс Ольборг Ольборг Премьер-лига Футбол Хапоэль Тель Авив Хапоэль Тель Авив 2:1 72 Маккаби Маккаби Алеф лигасы Футбол Ашдод Ашдод 1:1 51 Хапоэль Рамат-ха-Шарон Хапоэль Рамат-ха-Шарон А сериясы Футбол Аталанта Аталанта 0:0 17 Парма Парма Лига 1 Футбол Лорьян Лорьян 0:0 17 Брест Брест Ла Лига Футбол Депортиво Депортиво 01:00 Бүгін Осасуна Осасуна Премьер-лига Футбол Ньюкасл Ньюкасл 0:0 2 Эвертон Эвертон Примейра-лига Футбол Жил Висенте Жил Висенте 01:15 Бүгін Гимарайнш Гимарайнш Примейра-лига Футбол Бенфика Бенфика 01:15 Бүгін Алверка Алверка НХЛ Хоккей Бостон Бостон 05:00 Бүгін Вегас Вегас

4 сағат бұрын

Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасындағы Дэвис кубогындағы жарысын бастады

Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасындағы Дэвис кубогындағы жарысын бастады

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Мысыр астанасы Каирде 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы командалық әлем чемпионаты — Junior Davis Cup Finals турнирі басталды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Қазақстан құрамасы жарыстың алғашқы күнінде Франция командасына қарсы кортқа шықты.

2–8 қараша аралығында өтетін әлемдік додаға 16 елдің үздік жасөспірімдер құрамасы қатысуда. Жарыс Каир қаласындағы Smash Sporting Club теннис кешенінде ұйымдастырылған.

Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы D тобына түсті. Отандастарымыз Франция, АҚШ және Үндістан командаларымен ширек финал жолдамалары үшін таласады.

Алғашқы жарыс күнінде қазақстандық теннисшілер Франция құрамасына қарсы кездесу өткізуде.

Бірінші жекелей сында Қазақстан намысын Ансар Ниетқалиев қорғады. Ол франциялық Бенуа Гелдофқа қарсы ойнап, екі сет қорытындысы бойынша 3:6, 3:6 есебімен жеңіліс тапты.

Осылайша Франция құрамасы командалық кездесуде 1:0 есебімен алға шықты.

Екінші жекелей кездесуде Қазақстан атынан Ахмади Маханов өнер көрсетеді. Оның қарсыласы — Пабло Прадам. Бұл матчта қазақстандық теннисші есепті теңестіруге мүмкіндік алады.

Қазақстан құрамасының сапында Ансар Ниетқалиев, Ахмади Маханов және Родион Трайгель бар. Команда капитаны — Сергей Квак.

Айта кетейік, қазақстандық жасөспірімдер биыл Шымкентте өткен Азия және Океания аймағының іріктеу кезеңінде табысты өнер көрсетіп, күміс жүлдеге ие болды. Финалға дейін жеткен Қазақстан құрамасы шешуші кездесуде Австралияға есе жіберді. Осы нәтиженің арқасында отандастарымыз әлемдік финалға жолдама алды.

Junior Davis Cup Finals турнирінің топтық кезеңі үш күнге созылады. Әр топтан үздік екі құрама ширек финалға шығады. Командалық кездесулер екі жекелей және бір жұптық матчтан тұрады.

Тек Beeline клиенттері ғана алғашқы ғарыштық мобильді байланысты Starlink жерсеріктері арқылы бүкіл Қазақстан аумағында пайдалана алады.

Еске салсақ, бұдан бұрын Жәния Бекмұхамбетова халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды.


Біздің серіктес: Sport12kz