Матч орталығы
УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Қазақстан Қазақстан 2:2 Аяқталды Словакия Словакия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Фарер аралдары Фарер аралдары 1:0 Аяқталды Молдова Молдова УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Исландия Исландия 3:0 Аяқталды Люксембург Люксембург УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Литва Литва 2:1 Аяқталды Лихтенштейн Лихтенштейн УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Эстония Эстония 2:1 Аяқталды Болгария Болгария Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Италия U21 Италия U21 2:2 Аяқталды Бельгия U21 Бельгия U21 Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Венгрия U21 Венгрия U21 5:3 Аяқталды Кипр U21 Кипр U21 Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Жапония U19 Жапония U19 3:1 Аяқталды Колумбия U19 Колумбия U19 Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Андорра Андорра 1:3 Аяқталды Әзербайжан Әзербайжан Суперлига Баскетбол Маккаби Ришон Маккаби Ришон 98:88 Аяқталды Хапоэль Беер Шева Хапоэль Беер Шева Челленджер Шампейн Теннис Джайлс Хасси Джайлс Хасси 2:1 Аяқталды Кешав Чопра Кешав Чопра УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Гибралтар Гибралтар 1:1 Аяқталды Мальта Мальта УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Германия Германия 5:0 Аяқталды Нидерланд Нидерланд УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Швейцария Швейцария 4:0 Аяқталды Шотландия Шотландия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Солтүстік Македония Солтүстік Македония 0:3 Аяқталды Словения Словения УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Грекия Грекия 1:0 Аяқталды Сербия Сербия НХЛ Хоккей Рейнджерс Рейнджерс 05:30 Бүгін Монреаль Монреаль Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Сингапур Сингапур 15:00 Бүгін Бразилия Бразилия Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Жапония Жапония 18:10 Бүгін Парагвай Парагвай Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Катар Катар 19:00 Бүгін Оңтүстік Корея Оңтүстік Корея

8 сағат бұрын

Almaty Open алғаш рет ATP 250 санатындағы жылдың үздік турнирі атанды

Almaty Open алғаш рет ATP 250 санатындағы жылдың үздік турнирі атанды

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Almaty Open турнирі ATP Awards 2026 сыйлығының қорытындысы бойынша алғаш рет беделді ATP 250 Tournament of the Year марапатына ие болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Қазақстандық турнир осы санаттағы 29 жарыстың ішінен үздік деп танылды.

Almaty Open ATP 250 Швецияда өткізілетін тарихы терең екі турнирді — Nordea Open (Бостад) және Bybit Stockholm Open жарыстарын басып озды.

Жеңімпаз кәсіби теннисшілер арасында жүргізілген сауалнама негізінде анықталды. Ойыншылар жарыстардың ұйымдастырылу сапасын және спортшылар үшін жасалған жағдайларды бағалады.

Almaty Open турнирінің ATP 250 санатындағы үздік жарыс деп танылуы Қазақстанның халықаралық теннис аренасындағы беделінің артып келе жатқанын көрсетіп, еліміздің әлемдік деңгейдегі ірі спорттық іс-шараларды ұйымдастырушы ретіндегі орнын нығайта түседі.

Қазақстандағы турнирдің тарихы 2020 жылы басталды. Сол жылы ATP 250 санатындағы жарыс алғаш рет Астанада Astana Open атауымен өтті. 2022 жылы турнир уақытша ATP 500 мәртебесін алып, әлемнің жетекші теннисшілерінің басын қосты. 2024 жылдан бастап жарыс Алматыда Almaty Open атауымен өткізіліп келеді. 2026 жылы оңтүстік астана турнирді үшінші рет қабылдады, ал жарыстың негізгі алаңы дәстүрлі түрде Almaty Arena спорт кешені болды.

Ұйымдастырушылар инфрақұрылымды дамытуға, қызмет көрсету сапасын арттыруға және спортшылар мен олардың командалары үшін барынша қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөледі.

Турнир қатысушылары жаттығу корттарын, демалыс және қалпына келу аймақтарын, Іле Алатауының көркем көрінісі ашылатын wellness-кешеніндегі орналастыру жағдайларын, сондай-ақ үш Michelin жұлдызының иегері, шеф-аспаз Фабьен Ферре әзірлеген гастрономиялық бағдарламаны жоғары бағалады.

Almaty Open турнирінің бас директоры және Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Юрий Польский бұл марапатқа ие болу турнирдің бүкіл командасы үшін үлкен мәртебе екенін және ұйымдастырушылардың, серіктестер мен демеушілердің бірлескен жұмысының нәтижесі екенін атап өтті.

«Ойыншылардың тәуелсіз бағалауының нәтижесінде Almaty Open турнирінің ATP нұсқасы бойынша жылдың үздік турнирі атануы біз үшін үлкен мәртебе. Бізге сенім білдірген барлық теннисшілерге, әсіресе Алматыға жыл сайын қайта оралатын ойыншыларға шын жүректен алғыс айтамыз.

Біздің ұзақ мерзімді мақсатымыз — турнирді ұйымдастырудың барлық аспектілерін ATP 500 стандарттарына сай деңгейге жеткізу. Турнирді жан-жақты жетілдіруге бағытталған бастамаларымыз бен күш-жігерімізді үнемі қолдап келе жатқан Қазақстан теннис федерациясының Президентіне шынайы алғысымызды білдіреміз. Сондай-ақ Алматы қаласының әкімдігіне жарысты өткізуге көрсеткен қолдауы және осындай деңгейдегі халықаралық спорттық іс-шараны ұйымдастыру үшін қажетті жағдайларды жасауға атсалысқаны үшін ерекше ризашылығымызды білдіреміз. Бірлескен күш-жігердің арқасында біз турнирді жүйелі түрде дамытып, оның ұйымдастырылу сапасын арттырып, Алматының халықаралық теннис картасындағы орнын нығайтып келеміз.

Бұл марапат бүкіл командамызды турнирді одан әрі дамыту жолында бұрынғыдан да зор ынтамен жұмыс істеуге жігерлендіреді», — деді Юрий Польский.

Almaty Open турнирінен бөлек, ATP Awards 2026 аясында Tournament of the Year номинациясы бойынша Шанхайдағы Rolex Shanghai Masters (ATP Masters 1000) және Дохадағы Qatar ExxonMobil Open (ATP 500) турнирлері де марапатталды.

Сонымен қатар ойыншылар арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша жеті турнир ұйымдастыру деңгейінің жоғарылығы және ATP стандарттарына сәйкестігі үшін Standards of Excellence марапатына ие болды.

Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілер ATP жаңартқан әлемдік рейтингте бірнеше сатыға жоғарылады.



Біздің серіктес: Sport12kz