06.03.2025
Юлия Путинцева әлемдік рейтингдегі көшбасшымен күш сынасады
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцеваның Индиан-Уэллс (АҚШ) турниріндегі алғашқы кездесудегі қарсыласы белгілі болды.
Путинцева турнирдегі өнерін екінші айналымда бастайды, онда ол чехиялық спортшы жұптық сында әлемнің бірінші ракеткасы Катержина Синяковаға қарсы ойнайды.
Синякова бірінші айналымда аргентиналық теннисші Мария Карланы 6:2, 6:1 есебімен жеңген болатын.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов