06.03.2025
«Манчестер Юнайтед» мұсылман жанкүйерлері үшін керемет бастама көтерді
Фото: «Манчестер Юнайтед» ФК
Ағылшындық «Манчестер Юнайтед» клубы Рамазан айында мұсылман жанкүйерлерінің жайлылығы үшін қолайлы жағдай жасады.
Клуб «Олд Траффорд» стадионындағы Stretford End трибунасының астынан мұсылман жанкүйерлеріне арналған намаз бөлмесін ашты. Бұл бөлме құлшылық жасауға қолайлы әрі таза орын болып табылады.



Кез келген жанкүйер арнайы бөлмеге кіріп, намазын алаңсыз оқи алады.
Айта кетейік, қасиетті Рамазан айы 30 наурызға дейін жалғасады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Азамат Бақи