Матч орталығы
А сериясы Футбол Фиорентина Фиорентина 2:2 Аяқталды Аталанта Аталанта Лига кубогы Футбол Эвертон Эвертон 3:1 Аяқталды Ньюкасл Ньюкасл Испания кубогы Футбол Херес Херес 1:3 Аяқталды Кадис Кадис Испания кубогы Футбол Прат Прат 1:6 Аяқталды Атлетик Бильбао Атлетик Бильбао Испания кубогы Футбол Спортинг Орталеса Спортинг Орталеса 0:3 Аяқталды Севилья Севилья Испания кубогы Футбол Ribadesella CF Ribadesella CF 0:2 Аяқталды Расинг Расинг Португалия лигасының кубогы Футбол Бенфика Бенфика 4:1 Аяқталды Жил Висенте Жил Висенте НХЛ Хоккей Даллас Даллас 2:5 Аяқталды Монреаль Монреаль Токио женщины Теннис Елена Рыбакина Елена Рыбакина 10:30 Бүгін Лейла Фернандес Лейла Фернандес Вена мужчины Теннис Александр Зверев Александр Зверев 21:30 Бүгін Артур Фери Артур Фери КХЛ Хоккей Шанхайские Драконы Шанхайские Драконы 21:30 Бүгін Барыс Барыс Суперлига Футбол Коньяспор Коньяспор 22:00 Бүгін Галатасарай Галатасарай Лига 1 Футбол Ницца Ницца 23:00 Бүгін Ренн Ренн Лига 1 Футбол Гавр Гавр 23:00 Бүгін ПСЖ ПСЖ Бундеслига Футбол Эльверсберг Эльверсберг 00:30 Ертең Майнц Майнц Ла Лига Футбол Вильярреал Вильярреал 01:00 Ертең Эспаньол Эспаньол Лига 1 Футбол Лилль Лилль 01:05 Ертең Ланс Ланс Примейра-лига Футбол Каза Пия Каза Пия 01:15 Ертең Спортинг Спортинг Премьер-Лига Футбол Тобыл Тобыл 15:00 Ертең Ақтөбе Ақтөбе Премьер-Лига Футбол Каспий Каспий 15:00 Ертең Қызылжар Қызылжар

3 күн бұрын

Алматыда теннистен Азия бапкерлерінің өңірлік конференциясы алғаш рет өтті

Алматыда теннистен Азия бапкерлерінің өңірлік конференциясы алғаш рет өтті

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

2026 жылғы 17–19 қазан аралығында Алматы қаласындағы KIA Tennis Park теннис орталығында Батыс және Орталық Азия жаттықтырушыларының өңірлік конференциясы өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Қазақстан тарихта алғаш рет осындай деңгейдегі білім беру іс-шарасын қабылдап, халықаралық теннис қауымдастығының мамандары мен сарапшыларының басын қосты.

Конференция кәсіби тәжірибе алмасуға және теннисшілерді даярлаудың заманауи тәсілдерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды. Үш күн бойы қатысушылар жаттығу үдерісін жетілдіру, спортшылардың техникалық және физикалық дағдыларын дамыту, сондай-ақ оқытудың озық әдістемелерін енгізу мәселелеріне арналған дәрістер мен практикалық сабақтарға қатысты.

Конференцияда World Tennis халықаралық сарапшылары мен спорттық дайындық саласының жетекші мамандары баяндама жасады. Олардың қатарында Алеш Филипчич (Словения), Филипп Борн (Германия), Риан Крюгер, Амир Боргеи, сондай-ақ бұған дейін Новак Джокович пен Янник Синнермен жұмыс істеген белгілі дене дайындығы жаттықтырушысы Марко Паники (Италия) болды.

Қазақстан атынан халықаралық федерацияның ресми лекторы және ұлттық жаттықтырушылар курстарының үйлестірушісі Ирина Чичмарова, сондай-ақ жұптық сында «Үлкен дулыға» турнирлерінің жеңімпазы Ярослава Шведова қатысты.

Алматыда өткен конференция жаттықтырушылар білімін дамыту және теннис саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан теннис федерациясының жаттықтырушыларды даярлау жүйесі World Tennis ұйымының халықаралық деңгейдегі ең жоғары мойындауы - Gold Recognition мәртебесіне ие болған еді. Бұл мәртебе ұлттық білім беру бағдарламасының халықаралық стандарттарға сәйкестігін және Федерацияның High Performance деңгейіне дейінгі мамандарды өз бетінше даярлау және сертификаттау құқығын растайды.

Еске салсақ, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Қазақстан үстел теннисі федерациясының президенті қызметіне сайланды. Тиісті шешім ұйымның кезектен тыс конференциясында қабылданды.


Біздің серіктес: Sport12kz