Матч орталығы
АФК Чемпиондар лигасы Футбол Пахтакор Пахтакор 2:6 Аяқталды Аль-Наср Аль-Наср Челленджер Братислава 2 Теннис Лука Павлович Лука Павлович 2:1 Аяқталды Александр Шевченко Александр Шевченко Сегунда Футбол Реал Овьедо Реал Овьедо 2:3 Аяқталды Лас Пальмас Лас Пальмас КХЛ Хоккей Локомотив Локомотив 0:1 Аяқталды Лада Лада КХЛ Хоккей Ак Барс Ак Барс 3:4 Аяқталды СКА СКА А сериясы Футбол Сассуоло Сассуоло 2:4 Аяқталды Фиорентина Фиорентина Суперлига Баскетбол Бешикташ Бешикташ 93:76 Аяқталды Кайирова Беледийеси Кайирова Беледийеси Сегунда Футбол Вальядолид Вальядолид 4:3 Аяқталды Леганес Леганес Лига кубогы Футбол Аль-Ахли Аль-Ахли 1:0 Аяқталды Аль Мокавлун Аль Мокавлун АФК Чемпиондар лигасы Футбол Аль Иттихад Аль Иттихад 1:3 87 Аль Аин Аль Аин Суперлига Хоккей Оденсе Булльдогз Оденсе Булльдогз 3:3 Үзіліс Ольборг Ольборг Премьер-лига Футбол Хапоэль Тель Авив Хапоэль Тель Авив 2:1 73 Маккаби Маккаби Алеф лигасы Футбол Ашдод Ашдод 1:1 53 Хапоэль Рамат-ха-Шарон Хапоэль Рамат-ха-Шарон А сериясы Футбол Аталанта Аталанта 0:0 18 Парма Парма Лига 1 Футбол Лорьян Лорьян 0:0 17 Брест Брест Ла Лига Футбол Депортиво Депортиво 01:00 Бүгін Осасуна Осасуна Премьер-лига Футбол Ньюкасл Ньюкасл 0:0 3 Эвертон Эвертон Примейра-лига Футбол Жил Висенте Жил Висенте 01:15 Бүгін Гимарайнш Гимарайнш Примейра-лига Футбол Бенфика Бенфика 01:15 Бүгін Алверка Алверка НХЛ Хоккей Бостон Бостон 05:00 Бүгін Вегас Вегас

4 сағат бұрын

Түркістанда республикалық теннис турнирінің жеңімпаздары анықталды

Түркістанда республикалық теннис турнирінің жеңімпаздары анықталды

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

2026 жылғы 26–31 қазан аралығында Түркістан қаласында 10 жасқа дейінгі жас спортшылар арасында Turkestan Masters 10&Under республикалық теннис турнирі өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Еліміздің әр өңірінен келген жас теннисшілер жекелей және жұптық сында жүлделерді сарапқа салды.

Жарысқа қатысқан жас спортшылар жоғары шеберлік, табандылық пен жеңіске деген жігер танытып, өзара мықтыны анықтады.

Қыздар арасындағы жекелей сында қарағандылық Фариза Ерболова чемпион атанды. Күміс жүлдені Алматы қаласының өкілі Аиша Хаким иеленсе, үздік үштікті тағы бір қарағандылық теннисші Джалилла Біржанова түйіндеді.

Ұлдар арасындағы жекелей сында астаналық Каһар Салғара жеңімпаз атанды. Екінші орынды алматылық Эмиль Кадауов иеленсе, қола жүлде елордалық Эмирали Байдиллаға бұйырды.

Қыздар арасындағы жұптық сында алматылық Жамиля Рамазан мен Амира Ахметова чемпиондық атаққа қол жеткізді. Күміс жүлдені ақтөбелік Айлин Даулеталина мен оралдық Раяна Халел жеңіп алды. Үшінші орынға Ақтөбе өкілі Севиль Даулеталина мен алматылық Амели Назарова тұрақтады.

Ұлдар арасындағы жұптық сында шымкенттік Сұлтан Тұрған мен астаналық Эмирали Байдилла жеңімпаз атанды. Күміс медальді Алматы қаласының өкілдері Герман Истомин мен Виктор Уваров иеленді. Ал қола жүлде ақтөбелік Айбын Қуантаев пен Әкімжан Саквинге бұйырды.

Айта кетейік, Эмирали Байдилла турнирде екі бірдей жүлдеге қол жеткізді. Ол жұптық сында алтын медаль жеңіп алса, жекелей сында қола жүлдегер атанды.

Мұндай республикалық турнирлерді өткізу Қазақстанда балалар теннисін дамытуда маңызды рөл атқарады. Жарыстар жас спортшылардың тәжірибе жинақтауына, шеберлігін шыңдауына және бәсекелестік ортада өз мүмкіндіктерін көрсетуіне жол ашады.

Turkestan Masters 10&Under турнирі еліміздің әр өңірінен келген дарынды жас теннисшілердің басын қосып, болашақ чемпиондарды анықтауға мүмкіндік беретін маңызды жарыстардың бірі болды.Еске салсақ, Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасындағы Дэвис кубогындағы жарысын бастады.



Біздің серіктес: Sport12kz