Матч орталығы
Ченнаи женщины Теннис Мей Ямагучи Мей Ямагучи 0:0 1-сет Жибек Куламбаева Жибек Куламбаева Чемпиондар лигасы Футбол Шахтер Шахтер 22:45 Бүгін Спортинг Спортинг Чемпиондар лигасы Футбол Галатасарай Галатасарай 22:45 Бүгін Штутгарт Штутгарт Париж мужчины Теннис Бен Шелтон Бен Шелтон 23:00 Бүгін Кэмерон Норри Кэмерон Норри Испания кубогы Футбол Памплона Памплона 23:00 Бүгін Эйбар Эйбар Испания кубогы Футбол Анайтасуна Анайтасуна 23:00 Бүгін Алавес Алавес АФК Чемпиондар лигасы Футбол Аль Хиляль Аль Хиляль 23:15 Бүгін Шабаб Аль Ахли Шабаб Аль Ахли Чемпионшип Футбол Престон Престон 00:45 Ертең Шеффилд Шеффилд Чемпионшип Футбол Уотфорд Уотфорд 00:45 Ертең Линкольн Линкольн Чемпионшип Футбол Дерби Дерби 00:45 Ертең Норвич Норвич Чемпионшип Футбол КПР КПР 00:45 Ертең Бернли Бернли Чемпионшип Футбол Чарльтон Чарльтон 00:45 Ертең Болтон Болтон Чемпиондар лигасы Футбол Фейеноорд Фейеноорд 01:00 Ертең Интер Интер Чемпионшип Футбол Вест Бромвич Вест Бромвич 01:00 Ертең Саутгемптон Саутгемптон Чемпиондар лигасы Футбол Буде Глимт Буде Глимт 01:00 Ертең Лилль Лилль Чемпионшип Футбол Бирмингем Бирмингем 01:00 Ертең Миллуолл Миллуолл Чемпиондар лигасы Футбол Вильярреал Вильярреал 01:00 Ертең ПСЖ ПСЖ Чемпиондар лигасы Футбол Атлетико Атлетико 01:00 Ертең Бавария Бавария Чемпиондар лигасы Футбол ЛАСК ЛАСК 01:00 Ертең Слован Слован Чемпиондар лигасы Футбол Манчестер Юнайтед Манчестер Юнайтед 01:00 Ертең Рома Рома

2 сағат бұрын

Қазақстандық теннисшілер Ақтөбедегі халықаралық турнирде үш чемпиондық атақ жеңіп алды

Қазақстандық теннисшілер Ақтөбедегі халықаралық турнирде үш чемпиондық атақ жеңіп алды

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

2026 жылғы 24–31 қазан аралығында Ақтөбе қаласындағы ACE теннис орталығында J60 Aktobe Open-1 халықаралық жасөспірімдер турнирі өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Қазақстандық спортшылар өз алаңындағы жарыста сәтті өнер көрсетіп, жекелей және жұптық сында үш чемпиондық атаққа қол жеткізді.

Халықаралық теннис федерациясының (World Tennis) қолдауымен өткен турнирге сегіз елдің – Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қытай, Тәжікстан, Әзербайжан, Өзбекстан және Арменияның жас теннисшілері қатысты.

Ұлдар арасындағы жекелей сында финалға екі қазақстандық спортшы шықты. Шешуші кездесуде ақтөбелік Мансур Саинов пен Хақназар Жеткербай өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде Мансур Саинов чемпион атанса, Хақназар Жеткербай күміс жүлдені иеленді.

Қыздар арасындағы жекелей сында Екібастұз қаласының өкілі Ясмин Дюсембаева жеңіске жетті. Ол финалда ресейлік Кристина Камоловадан басым түсіп, турнирдің алтын жүлдесін жеңіп алды.

Ұлдар арасындағы жұптық сында да қазақстандық теннисшілер үздік нәтиже көрсетті. Ақтөбелік Мансур Какамбетов пен Мансур Саинов чемпиондық атаққа қол жеткізді. Ал Әзербайжан өкілі Рафаэль Гусейнов пен астаналық Мустафа Мустафа Арафат күміс жүлдегер атанды.

Осылайша Мансур Саинов турнирде екі бірдей чемпиондық атақ жеңіп алып, жекелей және жұптық сында топ жарды.

Қыздар арасындағы жұптық сында ресейлік Валерия Галяева мен Кристина Камолова жеңімпаз атанды. Қазақстандық Гаухар Актан (Астана) мен Эвелина Балаганская (Алматы) финалға дейін жетіп, күміс жүлдені иеленді.

World Tennis Juniors сериясындағы халықаралық турнирлер жас теннисшілердің кәсіби спортқа қадам басуында маңызды рөл атқарады. Мұндай жарыстар спортшыларға халықаралық тәжірибе жинақтауға, рейтингтік ұпайлар иеленуге және шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік береді.

Ақтөбеде өткен J60 Aktobe Open-1 турнирі Қазақстандағы жасөспірімдер теннисін дамыту жолындағы маңызды жарыстардың бірі болып, отандық спортшыларға шетелдік қарсыластармен бәсекеге түсіп, өз мүмкіндіктерін көрсетуге жағдай жасады.

Еске салсақ, 2026 жылғы 26–31 қазан аралығында Түркістан қаласында 10 жасқа дейінгі жас спортшылар арасында Turkestan Masters 10&Under республикалық теннис турнирі өтті.


Біздің серіктес: Sport12kz