Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

05.03.2025

Барлық шығынды жанкүйерден алайын деді ме? - Жәнібек Әлімханұлы қатысатын бокс кешінің бағасы сынға алынды

Барлық шығынды жанкүйерден алайын деді ме? - Жәнібек Әлімханұлы қатысатын бокс кешінің бағасы сынға алынды

Фото: Sport12.kz

Көптен күткен Жәнібек Әлімханұлының елордада өтетін жекпе-жегінің билеті ресми түрде сатылымға шықты. Дегенмен оның бағасына жанкүйерлер наразылығын білдіріп жатыр. Бағаның өте қымбат екенін айтады.

Бұл жөнінде әлеуметтік желі беттерінде жазылды. 

- Бағасын қалай есептеп шығарған? Бір үйден бір адам келіңдер деген бокс кеші болатын болды ғой. Залдың жалға алу ақысы, боксшылардың келіп-кету билеті, төреші, ЛЭД экран, жарық, барлық шығынды көрермендерден алайын дедіңдер ме?, - деп жазды оқырман. 

Билеттер бағасы 20 000-255 000 теңге аралығында. Бұл тарихи турнирді Top Rank-пен іскерлік байланыс ретінде Nomad Promotions ұйымдастырып отыр.

Айта кетсек, бокс кеші 2025 жылдың 5 сәуірі, сенбі күні Астанадағы «Барыс-арена» стадионында өткізіледі. Орта салмақтағы IBF және WBO нұсқасы бойынша әлемнің жеңілмеген чемпионы Жәнібек Әлімханулы (16-0, 11 KO) өз тарихында алғаш рет туған жерінде титулды қорғауға мүмкіндік алып отыр. Оған қарсылас ретінде жеңілмеген үміткер Анауэль Нгамиссенге (14-0, 9 KO) таңдалған. 



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан