Матч орталығы
Премьер-Лига Футбол Ертіс Ертіс 15:00 Бүгін Ордабасы Ордабасы Премьер-Лига Футбол Елімай Елімай 15:00 Бүгін Оқжетпес Оқжетпес Премьер-Лига Футбол Қайрат Қайрат 15:00 Бүгін Алтай Алтай Премьер-Лига Футбол Тобыл Тобыл 15:00 Бүгін Ақтөбе Ақтөбе Премьер-Лига Футбол Каспий Каспий 15:00 Бүгін Қызылжар Қызылжар Премьер-Лига Футбол Ұлытау Ұлытау 15:00 Бүгін Атырау Атырау Премьер-Лига Футбол Жетісу Жетісу 15:00 Бүгін Астана Астана Премьер-Лига Футбол Жеңіс Жеңіс 15:00 Бүгін Қайсар Қайсар Премьер-лига Футбол Челси Челси 17:30 Бүгін Манчестер Юнайтед Манчестер Юнайтед Чемпионшип Футбол Линкольн Линкольн 17:30 Бүгін Бирмингем Бирмингем Чемпионшип Футбол Норвич Норвич 17:30 Бүгін Уотфорд Уотфорд Чемпионшип Футбол Сток Сток 17:30 Бүгін Престон Престон Ла Лига Футбол Леванте Леванте 18:00 Бүгін Атлетико Атлетико А сериясы Футбол Болонья Болонья 19:00 Бүгін Монца Монца Бундеслига Футбол Боруссия Боруссия 19:30 Бүгін Падерборн Падерборн Бундеслига Футбол Вердер Вердер 19:30 Бүгін Хоффенхайм Хоффенхайм Бундеслига Футбол Аугсбург Аугсбург 19:30 Бүгін Фрайбург Фрайбург Бундеслига Футбол Байер Байер 19:30 Бүгін Штутгарт Штутгарт Бундеслига Футбол Шальке Шальке 19:30 Бүгін Лейпциг Лейпциг Чемпионшип Футбол Болтон Болтон 20:00 Бүгін Бристоль Сити Бристоль Сити

7 сағат бұрын

Қазақстанда күрес спортын дамыту мәселесі талқыланды

Қазақстанда күрес спортын дамыту мәселесі талқыланды

Фото: Қазақстан күрес федерациясы

Астанада өтіп жатқан күрестен Әлем чемпионаты аясында Қазақстан күрес федерациясының төрағасы Еркін Оқасов пен Біріккен күрес әлемі (UWW) Еуропалық кеңесінің президенті Карл-Мартин Диттманнның кездесуі өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Басқосуда екі тарап күрес спортын дамытуға бағытталған бірлескен бастамалар мен алдағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын қарастырды.

Кездесуде Қазақстан мен Еуропа елдерінің күрес федерациялары арасындағы байланысты кеңейтуге ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, балуандардың дайындық сапасын арттыру, халықаралық оқу-жаттығу жиындарын бірлесіп ұйымдастыру және жаттықтырушылардың кәсіби біліктілігін жетілдіру мәселелері сөз болды.

Сонымен қатар тараптар спорт мамандарын даярлау ісінде өзара тәжірибе алмасудың маңызын атап өтті. Осы бағытта қазақстандық және еуропалық жаттықтырушылар мен мамандардың бірлесіп жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін білім беру бағдарламаларын әзірлеу мәселесі қарастырылды.

Басқосуда жасөспірімдер мен әйелдер күресін дамыту да назардан тыс қалмады. Екі тарап жас спортшылардың шеберлігін шыңдау, олардың халықаралық жарыстарға қатысуына жағдай жасау және әйелдер күресінің дамуына қолдау көрсету жөнінде пікір алмасты.

Бұдан бөлек, спорт ғылымы мен медицина саласындағы озық тәжірибелерді жаттығу үдерісіне енгізу, сондай-ақ халықаралық турнирлерді ұйымдастыру кезінде жинақталған тәжірибемен бөлісу мәселелері талқыланды.

Айта кетейік, Карл-Мартин Диттманн 2021 жылдан бері UWW Еуропалық кеңесін басқарып келеді. Ол 2025 жылғы сәуірде Братиславада өткен сайлауда осы қызметке қайта сайланған болатын.

Ал Еркін Оқасов 23 қазанда Астанада өткен Біріккен күрес әлемінің конгресінде UWW Бюросының мүшесі болып сайланды. Қазақстан күрес федерациясының төрағасы дауыс беру қорытындысында 117 дауыс жинап, халықаралық ұйымның басшылық құрамына енді.

Кездесу соңында Еркін Оқасов пен Карл-Мартин Диттманн Қазақстан мен Еуропа арасындағы спорттық ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екендерін білдірді.

Еске салайық, Астанадағы «Барыс Аренада» күрестен Әлем чемпионаты 24 қазан мен 1 қараша аралығында өтіп жатыр. Байрақты бәсекеге әлемнің әр түкпірінен келген балуандар қатысып, грек-рим, әйелдер және еркін күрес түрлерінен жүлделерді сарапқа салуда.

Еске салсақ, Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында жүлдесіз қалған еркін күрестен қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан жанкүйерлерге арнап жазба жариялады.



Біздің серіктес: Sport12kz